Қазақ футболшысы, жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген аяғындағы жарақат туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, аяғы жазылып келе жатыр.
"Енді екі аптадан кейін аяқтың соңғы суретін жасау үшін Германияға жібереміз деді. Сол кезде жаттығу жасауға бола ма, болмай ма - айтады. Себебі сүйекке бұрамашеге (шуруп-еск.) салынды. Өзім сындырып алғаннан кейін оны "усталочный перелом" деп атайды екен. Соны айтқаннан кейін жаттығу бастаймыз", - дейді Асхат Тағыберген журналист Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында.
Айта кетейік, Асхат Тағыберген - Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Ордабасы" футбол клубының ойыншысы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!