Суперкомпьютер “Алтын доптың“ иегерін атады

Суперкомпьютер “Алтын доптың“ иегерін атады
Фото: depositphotos.com

Opta Analyst статистикалық порталы "Алтын доп" иегерін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Портал дерегінше, басты фаворит – "Пари Сен-Жермен" және Франция құрамасының шабуылшысы Усман Дембеле.

Бұл марапат 2024 жылғы 1 тамыздан 2025 жылғы 13 шілдеге дейінгі кезеңдегі көрсеткіштерге қарай беріледі. Бұл аралық клубтық әлем чемпионатын да қамтиды.

Дембеленің жеке жетістіктері де, клубтық табыстары да оған оң әсер етеді. Оның командасы Чемпиондар лигасын, Франция кубогын, суперкубогын және чемпионатын жеңіп алды. Ал өзі өткен маусымда барлық турнирде 53 матч өткізіп, 35 гол соғып, 16 нәтижелі пас берген. Осы уақыт ішінде оның трансферлік құны 60 миллион еуродан 90 миллион еуроға өсті.

Портал дерегінше, Дембеле Еуропадағы үздіктердің қатарынан орын алды. Оның шабуылдағы белсенділігі де таңғалдырады: Лига 1-де әр 90 минут сайын орта есеппен 9,6 нәтижелі әрекет жасап отырса, Чемпиондар лигасында бұл көрсеткіш – 10,4. Бұл - топ-5 лига ойыншылары арасындағы ең жоғары нәтиже.

Франциялыққа бәсекелес бола алатындар – Мұхаммед Салах (57 нәтижелі әрекет), Рафинья (56), Ламин Ямаль (39) және Килиан Мбаппе (43). Бірақ сарапшылар Дембелені негізгі фаворит деп санайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ousmane Dembélé (@o.dembele7)

Еске салайық, бұған дейін France Football журналы "Алтын доптың" 2024/2025 маусымдағы үміткерлер тізімін жариялаған еді. Топ-30 қатарына Мұхаммед Салах ("Ливерпуль"), Килиан Мбаппе ("Реал"), Усман Дембеле (ПСЖ), Рафинья, Ламин Ямаль ("Барселона") және өзге де танымал футболшылар кірген.

"Алтын доптың" 69-шы марапаттау рәсімі Париждегі "Шатле" театрында 22 қыркүйекте өтеді. Қазіргі иегері – "Манчестер Сити" және Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родри. Ол өткен маусымда жарақатына байланысты ойнамағандықтан, бұл жолы жүлдеге үміткер емес.

"Алтын доптың" рекорд иегері, әйгілі аргентиналық шабуылшы Лионель Месси америкалық "Интер Майамимен" келісімшартын ұзартуы мүмкін.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек
Logotype Massaget