80 кило салмақта жұдырықтасқан қазақ боксшысы Бекзат Нұрдәулетов Болгариядағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шыға алмады. Ол ширек финалда өзбек боксшысы Жасурбек Юлдашевке жол берді.
Шаршы алаңдағы шайқаста өзбек боксшысы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Бекзат Нұрдәулетов "кіші әлем чемпионаты" саналатын "Странджа" турнирінде жүлделі орынға іліге алмады.
Айта кетейік, осыған дейін Оразбек Асылқұлов (-57 кило) пен Нұрқанат Райыс (-75 кило) өзбек боксшыларын жеңіп, жартылай финалға шыққан болатын.