Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы стенд ату клубында Азия Кубогы аяқталды. Биылғы бәсекеде 14 мемлекеттен келген 200-ден астам стенд ату шебері бақ сынады, – деп хабарлайды msports.kz сайты.
Қазақстан құрамасы скит және трап бағдарламасын қосқанда 14 медаль (6 алтын, 3 күміс, 5 қола) еншіледі. Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко, Никита Моисеев (жасөспірімдер арасында), сонымен бірге әйелдер, ерлер және аралас командалар (скит) топ жарды.
Күміс жүлдені Әлішер Айсалбаев, трап және дубль-траптан ерлер командасы жеңіп алды.
Үшінші орынға Марк Почивалов (трап), Давид Почивалов (скит), Айжан Досмағамбетова, Владлен Калимулин және әйелдер командасы (трап) табан тіреді.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы көш бастады.
О. Сансызбай