Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі брифинг барысында спортты дамыту дирекциясының басшысы мен оның орынбасарының ісі бойынша тергеу нәтижелерін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Антикордың мәліметі бойынша, 2022-2023 жылдары қызметтік тұлғалар алдын ала келісім бойынша 397 миллион теңге ұрлап, оны спорттық киім-кешек сатып алуға арналған бюджеттен жымқырған.
"Сонымен қатар, ол 2021 жылы "Dat Corporation" ЖШС директоры болған кезде, Батыс Қазақстан облысында футбол мен хоккейді дамытуға бөлінген 161 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлады. Қазіргі уақытта іс сотта қаралып жатыр", - деп хабарлады Антикор.
Айта кету керек, спортты дамыту дирекциясының басшысы ретінде 2022 жылдың 14 қазанынан бастап Оралбай Жақсымбеков тағайындалған, ол 2021 жылдың 20 қыркүйегінен 2023 жылдың қаңтарына дейін "Dat Corporation" ЖШС директоры болып қызмет атқарған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет