- Негізгі бет
- Спорт
- "Спорттан біржола кеткен"....
"Спорттан біржола кеткен". АҚШ-та қазақстандық велосипедші қайтыс болды
Қазақстандық велосипедші Дінмұхамед Ұлысбаев 24 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дінмұхамед Ұлысбаев былтыр күзде спорттан біржола кетіп, құрама сапынан шыққан. Ол виза жасатып, АҚШ-қа өз жұмыстарымен барған.
"Әрі қарай не болғанын білмейміз. Спорт бойынша кетсе, біз анықтар едік. Өйткені ол жақтағы полиция тек әке-шешесіне хабар береді", - деп хабарлады Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметі Massaget.kz тілшісіне.
Дінмұхамед Ұлысбаев тасжолдағы велоспорт бойынша Азия чемпионатын жеңді, Әлем кубогі кезеңдерінің жеңімпазы атанды, сондай-ақ бірнеше мәрте ҚР Ұлттық чемпионатының медальдарын жеңіп алды.
Қазақстанның велосипед спорты федерациясы Дінмұхамед Ұлысбаевтың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан