Спортшы Илья Ильин халықтан сүйінші сұрап, қуанышты жаңалығын бөлісті

Танымал спортшы Илья Ильин әлеуметтік желідегі парақшасында сүйінші сұрап, қуанышты жаңалығын жеткізді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі әке атанғанын жазып, қызы дүниеге келгенін айтты.

"Сүйінші, қазақ елі! Танюша екеумізді қызымыздың дүниеге келуімен құттықтауға болады! Қазақстанның және әлемнің жаңа азаматы Ильина Аили Ильинична деп аталады! Бізде жоспарлы кесарь тілігі болды, бәрі жақсы өтті! Бойы: 50 см, салмағы: 3 кг 178 г. Бізді қолдағандардың барлығына алғысымыз шексіз! Біз сені қатты жақсы көреміз!", - деп жазды ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз