Спортпен өмір сүр. Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев бокстың қыр-сырын баяндайды

Спортпен өмір сүр. Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев бокстың қыр-сырын баяндайды

Vesti.kz спорт порталындағы "Живи спортом" жобасының кезекті шығарылымы боксқа арналады. Бокс Олимпиада ойындарымен бірге жасасып келеді. Бұл – Қазақстандағы ең танымал спорт түрі. Біздің боксшылар әр Олимпиададан жүлдесіз қайтпайды.

Бокстың қыр-сыры жайлы биыл Қазақстан құрамасының бас бапкері атанған Ғалымбек Кенжебаев айтып берді.

Боксқа жалпы шолу

"Бокс – жеңіл атлетика сияқты ең көне спорттың бірі. Ертедеге бокста жалаң қолмен жұдырықтасқан. Мұны түрлі фрескадан, көне суреттерден де байқауға болады. Өз заманында бокспен философтар, математик Пифагор да айналысқан. 

Жұдырықтасу Грекиядағы Олимпиада ойындарының жарыс бағдарламасында болған. Қазіргі заманғы Олимпиада ойындарында да бокс әуел бастан бар. 

Заманауи бокс Англияда пайда болды. Боксшылар қолғаппен жұдырықтаса бастады, ережелер енгізілді. Жыл сайын регламент жетіле түсті. Қазіргі ереже бойынша, әуесқой бокс 3 минуттық 3 раундтан, кәсіпқой бокс 3 минуттық 12 раундтан тұрады.

Рингке боксшылар қолғаппен шығады, бұрын басқа спорт баскиімін кию керек болған. Бірақ кейін оны алып тастады да, тек әйелдер, жастар, жасөспірімдер мен балалар боксшылар ғана кию керек", - дейді Қазақстанның бас бапкері.

Бокстың Қазақстанда даму динамикасы

Қазақстандағы бокстың даму динамикасы әжептәуір жақсы. Бізге бокс өткен ғасырдың 30-жылдары келген екен. Екі жыл бұрын қазақстандық бокстың 80 жылдығы атап өтілді. Елімізде бокс дәстүрі қалыптасқан деуге негіз бар. 

Қазақстандық боксшылар тәуелсіз мемлекет атынан 1996 жылдан (Атланта Олимпиадасы) бастап қатысып келеді. Әр Ойын сайын біздің боксшылар чемпион атанып, жүлдеге ие болып келеді. Қазақстан құрамасында Василий Жиров, Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбрайымов, Бахтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды. 

Қазақстанның барлық облысында бокспен айналысады. Ең кіші деген біраз аудан мен ауылдардың өзінде бокс секциялары бар. Бокс – Қазақстандағы нөмірі бірінші спорт деп сенімді айтуға болады. Оның даму динамикасы өте жақсы. Ресми түрде 40 жасқа дейін айналысып, жарыстарға қатысуға болады. Ал кәсіпқой бокста бәрі денсаулық пен спортшының жеке қабілетіне байланысты. Екі бағытта да біздің жетістіктеріміз баршылық. 

Ағзаға әсері

Бокс – жан-жақты спорт. Спортшының дайындығына арналған, адамды шымыр етіп, шыңдайтын жаттығулардың біраз түрі бар. Жаттыулар түрі мен тәсілі өзге спорттармен байланысы көп. Боксшы жүгіреді, секіреді, ептілігін, координациясын шыңдайды.

Бокспен айналысқанда, ең бірінші мораль-психологиялық дайындығы жетіледі. Дайындығы жақсы спортшылар төзімді, жігерлі, мінезі жұмыр, "темірдей" болады. Сонымен бірге, бокс – джентельмендер спорты. Оның әркім құрметтеуі тиіс өз ережесі бар. Мысалы, жерде жатқан немесе жекпе-жек кезінде неше денсаулығы сыр берген қарсыласты ұруға болмайды. Тыйым салынған әдіс-тәсілдердің тізімі бар, соған сай желкеден, белден төмен ұруға, күрес тәсілдерімен жұдырықтасуға болмайды.

Боксшылар бір-бірінің қолын алмаса, жекпе-жек басталмайды. Жекпе-жектен кейін де бір-бірінің қолын алып, құрмет көрсетулері тиіс. Достық қарым-қатынас сақталуы керек. Себебі бокс – ең алдымен спорт.

Жарақат пен медициналық рұқсат

Сөз жоқ, бокс – жарақат қаупі жоғары спорт. Алайда дұрыс дайындық пен спорт киімі болса, жарақаттың алдын алуға болады. Сондай-ақ, тиімді тактика мен дұрыс техника керек. Боксшылар көбіне білегі мен басын жарақаттап жатады. Жекпе-жекте нокаут пен нокдауннан ешкім сақтандырылмаған.

Әр жекпе-жектен кейін медициналық тексерістен өту керек. Бас томографиясын жасау міндетті. Боксшы өмірінің соңына дейін денсаулығын күтіп, тексеріліп жүруі тиіс.

Жүрек-қан тамыр жүйесі нашар адамдарға бокспен айналысуға болмайды. Одан бөлек көру қабілеті жақсы болуы керек. Сондықтан дәрігер рұқсатынсыз ешкім жаттығуға кірісе алмайды. Жүз проценттік денсаулық керек.

Секциялар мен клубтар. Жаңа бастаған адамға қайда барса болады?

Айтып өткенімдей елімізде секциялар мен клубтар өте көп. Олардан басқа балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері бар.

Бұл спортпен әйелдер де айналысады. Көбі Олимпиада медалі үшін емес, денсаулығы мен мінезін, ерік-жігерін шыңдау үшін қатысады.

Бокспен айналысу қымбат па?

Қаржылық тұрғыда өте қымбат спорт емес. Оған көп спорт киімін де талап етпейді. Жоғары деңгейдегі спортшы үшін, әрине, заманауи зал, жаттығу құралдары қажет. Бірақ әкесқойлар үшін көп нәрсенің қажеті шамалы. Бокс – өте демократияшыл спорт. Үйде құм салынған қапты іліп қойып дайындала берсе де болады.

Жаттықтырушылар мен мамандар

Қазастанда сертификатталған жаттықтырушылар мен мамандар өте көп. Олардың көбінің деңгейі жоғары. Елімізде бокстың ілгерілеуіне үлес қосып, еңбегі сіңген жаттықтырушылар да, енді бастап жатқан жас мамандар да бар. Бұл спортта бапкерлер әрдайым өздерін дамытып, біліктілігін арттырып отырады. 

Бокспен қай жаста айланысуға болады?

Ерте жастан бастап қатыса беруге болады. Ең дұрысы – 10-12 жас. Егер дұрыс бағыт беріп, баланы шыңдай берсе, нәтиже болады. Бастысы баланың қимылын, соққысын қою керек. 

Жаттығу залдары

Соққыны дамытуға арналған снарядтары, рингі бар арнайы залдар ең негізгі алаң саналады. Жарыс өткізу үшін кез келген арена жарай береді. Ринг ортада, көрермендер орны жан-жағында болса жеткілікті. 

Алғашқы нәтижелерге дейін қанша уақыт кетеді?

Нәтижеге жету үшін әркімге әртүрлі уақыт кетеді. Барлығы спортшының мүмкіндігі мен дайындығына байланысты. Дарынды спортшыларға екі-үш жылдың өзі жетіп жатады кейде. Ал негізі жақсы көрсеткіштерге жету үшін төрт-бес жыл керек. Бұл – ортастатистикалық адамға спорт шебері нормативін орындау үшін керек норма.

Қазақстандағы жарыстар

2013 жылы біздің елде әуесқой боксшылар арасындағы Әлем чемпионаты өтті. Ал 2016 жылы Нұр-Сұлтанда әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты өткізілді. 

Жыл сайын Шымкент, Атырау, Алматы қалаларында бір емес бірнеше жарыстар ұйымдастырылады. 15-21 шілдеде Қазақстан Президентінің Кубогы өтеді. Оған 11 мемлекеттен спортшылар келеді. Бұл турнирдің халықаралық танымалдығы бар.

Сондай-ақ, жаңа бастап жүрген боксшылар үшін де жарыстар бар. Ондаға ережелер жеңілдетілген, спортшылардың қауіпсіздігіне назар аударылған", - деп аяқтады Кенжебаев. 

Еске салайық, Vesti.kz спорт порталы "Живи спортом" жобасын бастаған болатын. Негізгі мақсат – елімізде бұқаралық спортты дамыту әрі насихаттау. Әр шығарылымда көпшілік айналысуға ыңғайлы спорт түрі жайлы жазатын болады. Сарапшы ретінде танымал чемпиондар, жетістік шыңын бағындырған әуесқой спортшылар да таңдалады. 

"Живи спортом" жобасы ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр.

Massaget.kz