Соня Жиенбаева ITF W35 турнирінде ширек финалға жолдама алды

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева АҚШ-тың Линкольн қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінде ширек финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық спортшы 1/8 финалда америкалық Вирджиния Крокермен күш сынасты. Нәтижесінде отандасымыз 6:0, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Келесі айналымда ол ресейлік Эдда Мамедовамен кездеседі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз