- Негізгі бет
- Спорт
- "Соңғы қарсыласы боламын"....
"Соңғы қарсыласы боламын". Канело Головкинге мәлімдеме жасады
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Канело" GGG карьерасындағы соңғы қарсыласы болатынын мәлімдеді. Ол оны зейнетке шығаруды жоспарлап отыр", - деп жазды мексикалық the Athletic шолушысы Грег Розенштейн.
Айта кетейік, қарсыластар 2018 жылдан бері алғаш рет бетпе-бет кездесті. Олар Лос-Анджелесте өткен баспасөз мәслихатында сөз сөйлеп, көз арбасты.
Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте екінші орта салмақта өтеді. Кездесу Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да болады. Алдыңғы екі жекпе-жек те осында өткен. Біріншісі кездесу даулы тең нәтижемен аяқталды, ал екіншіде төрешілердің шешімімен мексикалық жеңіске жетті.
G. Dosymshalova