Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы өнеріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандасымыз жарыста бар күшін салғанын айтты.
"Қазіргі деңгейіме сай өнер көрсеттім. Дайындаған бағдарламамды толық орындадым. Сондықтан бақыттымын. Жанкүйерлердің қолдауы керемет. Әр жарыста соған қайта-қайта таңғаламын. Әлеуметтік желілерден Қазақстаннан арнайы ұшып келіп, қолына Ту ұстап, мені қолдаған адамдардың видеоларын көріп жүрмін. Әрине, мұндай қолдау үлкен күш береді. ...Қысым болды деп айта алмаймын. Олимпиадаға жақсы дайындалдым", - деді Софья Самоделкина.
Еске салайық, Софья Самоделкина 2026 жылғы Олимпиадада жеке рекордын жаңартып, жалпы есепте 10-орын иеленді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова