Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Загребте өткен халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қысқа бағдарламадан кейін отандасымыз жетінші орында тұрған еді. Алайда еркін бағдарламада бірнеше сатыға жоғары көтерілді.
Самоделкина жалпы есепте 182,63 ұпай жинап, жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Америкалық Брэдди Тэннел (194,97) жеңіс тойын тойлады. Ал Финляндия спортшысы Лида Кархунен (187,05) екінші орынға ие болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz