Софья Самоделкина АҚШ-тан жүлделі оралмақ

Софья Самоделкина АҚШ-тан жүлделі оралмақ
Фото: ҰОК/Сали Сабиров

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкина жаңа маусымдағы алғашқы медаліне қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол АҚШ-тың Норвуд қаласында өткен жарыста сәтті өнер көрсетті.

Софья Самоделкина күміс медаль жеңіп алды. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 203,15 ұпай жинады.

Ол америкалық Изабо Левитоға (207,61) ғана жол берді. Үшінші орынға Оңтүстік Кореядан барған Джиа Шин (179,97) ие болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget