Софья Самоделкина АҚШ-тағы турнирге қатысады

Софья Самоделкина АҚШ-тағы турнирге қатысады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкина ISU Cranberry Cup International 2025 турниріне қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

АҚШ-тың Норвуд қаласында өтетін бұл жарыс 7 тамызда басталады.

9 тамызда әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудың қысқа бағдарламасы өтеді.

Еске салайық, Софья Самоделкина соңғы әлем чемпионатында 14-орын алып, 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алған болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget