Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тың Эверетт қаласында өтіп жатқан Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламасын орындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша отандасымыз төрешілердің шешімімен 61,03 ұпай еншілеп, 11-орынға тұрақтады.
Жапония өкілі Ами Накай 82,20 ұпаймен көш бастады. Екінші орында бейтарап мәртебеде өнер көрсетіп жатқан ресейлік Александра Игнатова (74,24 ұпай) тұр. Үздік үштікті Оңтүстік Корея спортшысы Ким Ю Чжэ (73,92 ұпай) түйіндеді.
Еркін бағдарлама 16 қарашаға қараған түні өтеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!