Софья Самоделкина 2026 жылғы Олимпиадада үздік ондыққа енді

Софья Самоделкина 2026 жылғы Олимпиадада үздік ондыққа енді
Фото: Сали Сабиров/ҰОК баспасөз қызметі

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында сайыстар аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Софья Самоделкина төртжылдықтың басты додасында Қазақстан намысын қорғады.

Қысқа бағдарламадан кейін мәнерлеп сырғанаушы 12-орында тұрған еді. Еркін бағдарламада Софья Самоделкина төрешілердің шешімімен 138.99 ұпай жинады. Қос бағдарлама қорытындысы бойынша 207.46 ұпай еншілеп, жеке рекордын жаңартты. Нәтижесінде спортшы оныншы орынға ие болды.

Алиса Лью (АҚШ) 226.79 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды. Екінші орынды Каори Сакамото (Жапония) иеленді: 224.90 ұпай. Ами Накаи (Жапония) 219.16 ұпаймен қола медальға ие болды.

Айта кетейік, ерлер арасындағы жекелей сында Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget