Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев 2026 жылғы Әлем чемпионатына баруды жоспарлап отырған азаматтарға құлаққағыс жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Биыл 11 маусым мен 19 шілде аралығында Америка Құрама Штаттарында, Канадада және Мексикада футболдан Әлем чемпионаты өтеді. Бұл іс-шара көптеген шетелдік жанкүйерді, соның ішінде еліміздің азаматтарын қызықтыратыны сөзсіз. Сыртқы істер министрлігі осы іс-шараларға баруды жоспарлап отырған азаматтарға сақтық шараларын сақтап, жеке қауіпсіздік мәселелеріне мұқият болуды ұсынады", - деді ол ведомстводағы брифингте.
Сонымен қатар, СІМ өкілі азаматтарға жеке басын куәландыратын құжаттарды үнемі алып жүруге кеңес берді.
Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында Канада, Мексика және АҚШ-та өтеді. Турнирге алғаш рет 48 құрама қатысады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!