Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев бүгін Ұлттар лигасы аясында өтетін Словакияға қарсы кездесуге қатыса алмайтын футболшылар туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Өкінішке қарай, Исламбек Қуат командамызға көмектесе алмайды. Ол Беларусь құрамасына қарсы кездесуде екінші сары қағазын алды. Сондықтан кездесуде Қуаттың орнына Асхат Тағыберген шығуы мүмкін. Бүгін ол командамен жаттығады. Нақты шешім әлі қабылданбады", - деді Адиев.
Айта кетейік, С дивизионындағы Қазақстан мен Словакия арасындағы кездесу 13 маусымда "Астана-Арена" стадионында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. Кездесуді QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.