- Негізгі бет
- Спорт
- "Шынтақпен ұрып, басын...
"Шынтақпен ұрып, басын жарды". Қазақ спортшысы нағыз қанды айқас жасады
UFC-де өнер көрсететін қазақ файтер Қайсар Махсат (9-2) Лас-Вегастағы UFC Fight Night турнирінде қанды айқас өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
23 жастағы Қайсардың қарсыласы 28 жастағы мексикалық Рафа Гарсия (14-3) болды. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раунд толық өтіп, төрешілер шешімімен Гарсияның пайдасына аяқталды.
Спортшылар жеңіс үшін барын салып жұдырықтасты. Екінші раундта Қайсар қарсыласының басынан шынтақпен ұрып, басын жарды. Осыдан кейін октагонның бәрі мексикалықтың қанымен боялды. Ал үшінші раундтан кейін айқасты ары қарай жалғастырмақ болған қарсыластарды ажыратуға тура келді.
Мексикалықтың командасындағы Каб Свонсонның сөзінше, Рафаның басына тиген соққы тура тамырға келіп, жекпе-жектен кейін қанды тоқтатуға екі сағат кеткен және 15 тігіс салу керек болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл Қытайда дүниеге келген қазақ файтердің екінші жеңілісі. Осылайша, оның қатарынан жеті жеңіс сериясы үзіліп қалды. Ал Гарсия карьерасында 14-рет жеңіске жетіп отыр. Денемен UFC-дегі көрсеткіш үш жеңіс пен үш жеңіліс.
Ал Қайсар UFC-де екінші рет қана жекпе-жек өткізді, былтыр өткен бірінші айқасында ол америкалық Стив Гарсияны бірінші раундта талдырған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина