Шымкенттік оқушы Канададағы хоккей турнирінде үздік бомбардир атанды

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Канаданың Квебек қаласында өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament беделді халықаралық турниріне қатысты. Қазақстандық Александр Ким Канададағы Pee-Wee хоккей турнирінің үздік бомбардирі атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar-ға сілтеме жасап.

 Турнирге Шымкенттегі "Тұран" балалар хоккей командасынан екі ойыншы – қорғаушы Айсұлтан Майсақан және шабуылшы Александр Ким қатысты.

Сергей Шавернев бастаған команда 7 ақпанда Канадаға ұшып кеткен, ал турнир 10 ақпанда басталды. 13 ақпанда хоккейден Қазақстан құрамасы үшін өткен матчта Алексей Ким Канада құрамасының қақпасына 3 шайба соқты. 

Сол күні бастапқы кездесуде қазақстандық құрама канадалық haute-Beauce Lynx командасын 9:2 есебімен жеңіп кетті.

Алексей Ким - Шымкенттегі мұз сарайында Жанат Байдеудегі "Тұран" хоккей командасында жаттығады. "Тұран" командасы - жыл сайынғы ҚР чемпионаттарының, Бішкек, Ташкенттегі халықаралық турнирлердің қатысушысы және жүлдегері. Александр Ким - "Тұран-2010" командасының капитаны.

Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament беделді халықаралық турнирі 11-12 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы клубтық командалар арасындағы әлем чемпионаты болып саналады. 

Жарысқа әлемнің 28 елінен келген хоккейшілер қатысып, Қазақстан құрамасы турнир чемпионы атанды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!