- Негізгі бет
- Спорт
- Швейцариямен ойында 73-минутта...
Швейцариямен ойында 73-минутта алаңға шыққан Роналду үн қатты
Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду 2022 жылғы әлем кубогының 1/8 финалында Швейцарияны жеңгеннен кейін команданың ойынына таңданысын жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл матчта Роналду қосалқы ойыншы болып, 73-минутта алаңға шықты. Кездесу аяғында оның голы офсайдқа байланысты тоқтатылды. Алайда португалдықтар 6-1 есебімен жеңіске жетті.
"Португалия үшін керемет күн, әлемдік футболдағы ең үлкен жарыста тарихи нәтижеге қол жеткізді. Талант пен энергияға толы команданың керемет қойылымы. Біздің команданы құттықтау керек. Арман бар! Аяғына дейін! Алға, Португалия!" - деп жазды Роналду әлеуметтік желілерде.
Айта кетейік, 1/4 финалда Португалия Мароккомен ойнайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова