Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы шпагамен семсерлесуден финалға шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Командалық жарыстың жартылай финалында қазақстандық спортшылар Оңтүстік Корея құрамасын 45:33 есебімен жеңді.
Енді алтын медаль үшін өтетін шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы Жапониямен кездеседі.
Айта кетейік, бұл бағдарламада Қазақстан намысын Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Никита Жулинский және Кирилл Проходов қорғап жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова