11 қыркүйекте Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Республикалық жарыс аясында 1500 метр қашықтағы жеңімпаздар анықталды. Ольга Тихонова әйелдер арасында үздік атанды. Екінші болып Малика Ермек келсе, Полина Омельчук үздік үштікті түйіндеді.
Ерлер бәсекесінде жеңіс тұғырының биігіне Әділ Ғалиахметов көтерілді. Нұртілек Қажығали күміс жүлдегер атанса, қола медаль Глеб Ивченкоға бұйырды.
Айта кетейік, дәл осы қашықтағы екінші сайыс 12 қыркүйекте өтеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз