Дордрехтте (Нидерланд) шорт-тректен әлемдік турдың төртінші іріктеу кезеңі өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл турнирде еліміздің атынан 11 спортшы өнер көрсетеді: Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажығали, Яна Хан, Ольга Тихонова, Зейнеп Құмарқан, Алина Әжіғалиева, Малика Ермек.
Төртінші кезең 27-30 қараша аралығында өтеді.
Айта кетейік, әлемдік турдың алғашқы төрт кезеңі іріктеу ретінде ұйымдастырылады. Сол кезеңдердің нәтижесіне сүйеніп, 2026 жылғы Олимпиадаға квоталар үлестіріледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!