Шорт-тректен әлемдік тур: Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

23-25 қазан аралығында Канаданың Ванкувер қаласында шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы кезеңі өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Халықаралық конькишілер одағының (ISU) жариялаған тізіміне сәйкес, бұл жарыста Қазақстан атынан 12 спортшы өнер көрсетеді. Олардың алтауы – ерлер, алтауы – әйелдер.

Қазақстан құрамасы:

  • Әйелдер: Алина Әжіғалиева, Анастасия Галечина, Зейнеп Құмарқан, Полина Омельчук, Малика Ермек, Гүлдана Жалмұхан.
  • Ерлер: Глеб Ивченко, Айбек Насен, Айбек Темірхан, Мақсат Уалилла, Богдан Вехов, Тамирлан Жолдас.

Айта кетейік, әлемдік турдың екінші кезеңі де Канадада өтеді. Ол Монреаль қаласында ұйымдастырылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!