Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға кімдер қатысатыны белгілі болды

Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға кімдер қатысатыны белгілі болды
Фото: ҰОК

Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олимпиада лицензиясын иеленген спортшылардың есімдері биылғы 9 қазан мен 30 қараша аралығында өткен шорт-тректен әлемдік турдың қорытындысы бойынша анықталды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 9 лицензия жеңіп алды.

Бас бапкер Петр Гамидов пен ұлттық құрама бапкерлер штабының шешімімен 2026 жылғы қысқы Олимпиадада ел намысын Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова және Яна Хан қорғайды.

XXV қысқы Олимпия ойындары 2026 жылғы 6-22 ақпан күндері Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған 93 елден 3 500-ден аса спортшы қатысады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget