Боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында қалың көпшілікке үн қатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қолдап жатқан спортшы бауырларым мен жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын! Шетелдіктер дауға қуанып жатқанда, өз қазағым оларға қосылмай, жатқа жығып бермей, қасымнан табылып, таза екенімізге сенім білдіріп жатқаны жаныңа демеу болады екен!" - деді ол.
Ол боксшы ретінде үлкен бақ қонған адам екенін жеткізді.
"Менің бір қуанатыным, бокс мансабымда жаман жанкүйер жинамаппын! Мен қазаққа болысатын, қазақ үшін жаны ауыратын, қазаққа жақтасатын жанкүйер жинаппын. Менің жанкүйерлерім тек көк Туды желбіреткенде қасымнан табылатын емес, қиындықта да қолдайтын жанкүйер екен! Бұл - түсіне білген спортшы үшін үлкен бақ!" - деп жазды ол.
Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы
Еске салайық, бұған дейін боксшы Жәнібек Әлімханұлының командасы допинг дауына қатысты екі мәрте жауап берді. Олар таза екенін, тамақ та, дәрумен де баяғы қалпында екенін мәлімдеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова