Қазақстандық боксшы, үш салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Фируза Шәріпованың менеджері Сергей Завилейский Таиландта болған оқиға туралы пікір білдірді , - деп хабарлайды Tengri Sport Аllfight.ru сайтына сілтеме жасап.
"Фируза қазір Таиландта. Ол Малави чемпионы Рут Чисейлге қарсы титулдық жекпе-жекке дайындалу үшін ұшып кетті.
Ол қоңырау шалып, өзі тұратын виллаға ұрылар кіргенін, кейбір заттары мен ақшасын қолды қылғанын айтты. Кейін ол полицияға жүгінді. Ұрланған сома айтарлықтай үлкен болды, өйткені жекпе-жекке дайындықтың ақшасы да болды", - деді Завилейский.
Фирузаның өзі бұл оқиғаға ешқандай пікір білдірмеген. Бірақ Instagram-да stories-те Завилейскийдің мәлімдемесіне сілтеме берген.
Ол бұл жекпе-жек Фируза үшін өте маңызды екенін айтты. Өйткені ол әлемдік рейтингте алтыншы орында тұрған өте күшті қарсыласпен жекпе-жекке шығады.
Қазір Фируза он бесінші орында. Ол Чисейлді жеңсе, әлемдік рейтингтің үздік бестігіне кіреді.
Айта кетейік, желтоқсанның аяғында Фируза Шәріпова Танзаниядан келген боксшы Фериче Машауриді жеңіп, кәсіби рингте 15 мәрте жеңіске жетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!