Дзюдошы Шерзод Давлатов Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында бақ сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Шерзод Давлатов финалда Әзербайжан өкілі Ахмад Юсифовқа жол берді.
Осылайша, ол әлем чемпионатын күміс жүлдемен қорытындылады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!