Шавкат Рахмоновтың салмағындағы UFC чемпионы белбеуіне жекпе-жек өтетін күн мен орын белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ұлыбританиялық Леон Эдвардс (21-3) пен америкалық Колби Ковингтон (17-3) арасындағы UFC жартылай орта салмақтағы чемпион белбеуі үшін жекпе-жек 22 шілдеде Лондонда (Ұлыбритания) өтеді.
Бұған дейін Эдвардс көпшілік дауыспен Камара Усманды (20-3) жеңіп, белбеуді сәтті қорғады. Ковингтон наурыздың басында Хорхе Масвидалды (35-16) бірауыздан шешім бойынша жеңді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!