UFC президенті Дана Уайт Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласын анықтады. 16 қыркүйекте Шавкат америкалық Келвин Гастелуммен жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC турнирінің бірлескен басты оқиғасы болады.
Бұған дейін Гастелум жартылай орта салмаққа оралатынын мәлімдеген еді, промоушн басшылығы оның шешімімен келіскен болатын.
2019 жылғы сәуірде америкалық UFC орта салмақтағы уақытша титулы үшін Исраэль Адесаньямен жекпе-жек өткізді. Бірақ төрешілердің шешімімен жаңазеландиялық жеңіске жеткен еді.
Айта кетейік, Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде алтыншы орында тұр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!