Шавкат Рахмоновтың қарындасы үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы Сора Рахмонова Астанада өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қоян-қолтық ұрыстан Сора Рахмонова бұған дейін екі рет әлем чемпионы атанған. Астанадағы жарыста тағы да өзіне тең келер қарсылас жоғын дәлелдеді. 

Сора – қазақстандық танымал аралас жекпе-жек шебері, UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың қарындасы. Соңғы рет NAIZA 51 турнирінде ресейлік Валерия Карыгинаны жеңген болатын.