Шавкат Рахмоновтың қарындасы UFC-де қашан дебют жасайтыны белгілі болды

Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов "Спорт Шредингера" басылымына берген сұхбатында қарындасы Сораның UFC-де қашан дебют жасайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

26 мамырда Сора Рахмонова Алматыда өткен Naiza FC 51 турнирінде ресейлік Валерия Карыгинаны нокаутпен жеңді. Жеңіске жеткеннен кейін ол Дана Уайтқа UFC-де бақ сынағысы келетінін айтты.

"Кейінгі жекпе-жегі жақсы болды. Ол жақында UFC-де өнер көрсетеді. Құдай қаласа, биыл. Бұл үшін бәрі дайын деп ойлаймын. Аға ретінде мен бәріне көмектесуге тырысамын. Әрине, қиын болады", - деді Рахмонов.

ММА бойынша Сора Рахмонова бес жекпе-жек өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті. Оның ағасы Шавкат Рахмонов UFC-де 2020 жылғы қазаннан бері өнер көрсетіп келеді - қазақстандық спортшы бес жекпе-жек өткізіп, барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!