Шавкат Рахмоновтың әйелі өз шындығын айтып, жазба жариялады

Бүгін Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмоноваға үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

2025 жылы 27 шілдеде республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург тасжолының 299-шақырымында Toyota Land Cruiser 200 көлігін басқарған Гүлайым Рахмонова Қарағанды облысынан Алматы қаласына қарай келе жатып, тізгінге ие бола алмай, жол апатына ұшыраған еді. Жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты.

2026 жылы 27 наурызда сот үкімімен Гүлайым Рахмонова ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Желідегі жазба

Сот үкімінен кейін Гүлайым Рахмонова Instagram парақшасында жазба жариялап, UFC файтері Шавкат Рахмоновпен арадағы жағдай туралы айтты. 

Бұған дейін ол ажырасатынын хабарлаған болатын. Бұл жолы отбасындағы қарым-қатынас пен бірнеше жылға созылған мәселені ашық айтқан. Гүлайым Рахмонова басынан өткізген оқиғаларды баяндап, бұрынғы күйеуінің жақындарын қысым көрсетті, балағаттады деп айыптады.

Сонымен қатар, ол бұрынғы жұбайының табысы туралы да айтқан. Оның сөзінше, спортшының ақшасынан дәметіп жүрген айналасындағы адамдар балалардың мүддесін ескеруге тиіс.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!