Америкалық UFC файтері Келвин Гастелум (18-8) бұған дейін жеңіліп көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (17-0) өткізуге тиіс жекпе-жегі болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Жекпе-жек 16 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өтуі керек еді. Бұған дейін Рахмонов қарсыласына арнап жазба жариялаған еді.
"Шұғыл жаңалық. Өкінішке қарай, мен жарақат алып қалып, Шавкат Рахмоновпен жекпе-жегім тоқтатылады я ауыстырылады", - деп жазды америкалық.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!