Шавкат Рахмоновтың әкесі қайтыс болды

Әлеуметтік желіде UFC-дегі ең танымал қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың әкесі қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпарат 9 тамызда пайда болды. Бірқатар БАҚ бейсенбіде Қарағандыда Алпамысов Бақтыбай Рахманұлының рухына бағыштап ас берілетінін хабарлады. Қаралы хабар шетелдік басылымдарда жариялана бастады.

Шавкат Рахмонов әкесінен айырылғанына біраз уақыт болғаны анықталды. Ол 2 тамызда 66 жасқа қараған шағында көз жұмған.

"Иә, бұл рас. Әрине, бұлай болғаны өкінішті, бірақ бәріміз пендеміз, бәріміздің келетін, кететін уақытымыз бар. Шавкаттың әкесі дүниеден озды, жерлеу рәсімі өтті", - деді Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров Tengri Sport тілшісіне.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов әлеуметтік желіде әкесінің қазасына қатысты ешқандай ақпарат жариялаған жоқ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!