Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың америкалық Джефф Нилге қарсы жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы Шавкаттың өзі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қарсылас жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмайтын болды. Қазіргі уақытта орнына басқа қарсылас табылғанын күтіп жүрмін. Бәрі файтердің деңгейіне, оның дайындығына байланысты. Қазір UFC ұйымымен келіссөз жүріп жатыр", - деп келтірді Рахмоновтың сөзін Naizadai.
Олардың жекпе-жегі 2023 жылдың 14 қаңтарында өтіп, Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC Fight Night 217 турнирінің негізгі кездесуі болуы керек еді.
Еске салайық, Нил жартылай орта салмақтағы файтерлер арасында UFC рейтингінде жетінші, ал Рахмонов оныншы орында тұр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!