UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (16-0) кішкентай кезінде кімді үлгі тұтқанын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Үлкен ағаларым мені көп тебелестіретін. Ешқашан "жоқ" деген емеспін. Шамамен барлығын жеңетім ем. Тек менен жасы үлкендерден жеңілген. Кішкентай кезімнен жекпе-жек тамашалауды жақсы көрдім. DVD-дискіден көрдім. Федор Емельяненко ұнайтын. Мирко Крокоптың айқастарын жібермейтінмін.
Кейін өзім өнер көрсете бастадым. Содан соң ММА-ге толық ауыстым. Жоғарыдағы спортшылар секілді чемпион болатынымды сездім. М-1 ұйымында өнер көрсеткенде мақсатым тезірек белбеу алу еді. Ол менің қолымнан келді. Сосын қорғап, UFC ұйымына ауыстым", - деді Рахмонов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!