UFC промоушеніндегі қазақ файтер Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Менеджерлерімен сөйлесіп жатырмыз. Қазанда Абу-Дабиде өтетін турнир мен үшін ең жақсы нұсқа. Себебі, ол жаққа виза қажет емес. Егер ол турнирге қатыспасам, қараша-желтоқсан айларына толық дайынмын", - деді Рахмонов баспасөз мәслихатында.
Ол UFC-мен жаңа келісімшарттың жай-жапсарын да айтты.
"Менің бес жекпе-жекке келісімшартым бар, бір жекпе-жек өткіздім, төртеуі қалды. Бірақ UFC екі-үш жекпе-жектен кейін жаңа келісімшарт ұсынуы мүмкін", - деді спортшы.
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді.
Еске салайық, кештегі басты айқастардың бірінде Шавкат Рахмонов америкалық тәжірибелі файтер Нил Мэгниді мерзімінен бұрын жеңген болатын.