Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (15-0) UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
27 жастағы Рахмонов Лас-Вегастағы UFC Vegas 57 турнирінде жартылай жеңіл салмақта промоушеннің 34 жастағы ардагері америкалық Нил Мэнгиді жеңді.
Бірінші раундта Рахмонов қарсыласына көбірек соққы жасады. Екінші раундта да қазақстандық шабуылын тоқтатпады, ал раунд аяқталуына үш секунд қалғанда қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді.
Осылайша, Рахмонов UFC-дегі төрт жекпе-жегінде де жеңіске жетті. Ал Мэнги UFC-де 27-рет октгонға шығып, сегізінші рет жеңіліп отыр.