Шавкат Рахмонов (17-0) анасымен бірге түскен фотосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық файтер дәл қазір жақын достарымен және туыстарымен қажылықта жүр.
"Жаннат Аналарымыздың аяғының астында! Аналарымыз аман болсын!", - деп жазды ол анасымен бірге түскен фотосына.
Публикация от Shavkat Rahmonov (@shavkatrakhmonov94)
Шавкат Рахмонов Instagram-дағы сторисіне шашын тақырлап алып тастаған фотосын жариялады.
Еске салайық, бұған дейін Шавкат Рахмонов журналист Ләйла Сұлтанқызына берген сұхбатында Өзбекстаннан Қазақстанға алғаш көшіп келген кезде отбасымен бірге көрген қиындықтарын айтып берген еді. Ол сол кезде анасын, жалпы отбасын көрсеткісі келмейтінін айтқан.
"Шынын айтқанда, өзімнің отбасымды көп көрсеткім келмейді. Олар көрінбей-ақ қойсын. Өз отбасымнан ұялмаймын, қайдан шыққанымды айта беремін. Біз ата-анамызды таңдай алмаймыз ғой. (...) Ерке болдым, ешкім мені ұрмайтын еді. Тек анам кейде қатты бұзықтық жасасам ұратын. Ұратын себебі де - жұмыстан шаршап келетін. Күні бойы жұмыс істейтін. Негізі, менің анам бізге әке де, ана да болды. Қатал емес. Әкеміз жұмыс істеген жоқ. Білмеймін енді, оны әкемнің өзінен сұрау керек. Анамның өзі бізді асырады, тамақ та берді. Әрине, анамның анасының, әкесінің бізге көп көмегі тиді. Осы кісілер болмағанда мен қандай күйде өсетінімді білмеймін. Сондықтан сол жаққа қатты жүрегім тартып тұрады, шынын айтсам. Өте қатты құрметтеймін", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!