Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов (16-0) келесі жекпе-жегіне АҚШ-қа аттанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл туралы қазақстандық боксшы Instagram-парақшасында жазды.
Оның ең беделді промоушендегі бесінші жекпе-жегі 14 қаңтарда Лас-Вегаста UFC Fight Night 217 турнирі аясында өтеді. Рахмоновтың қарсыласы жартылай орта салмақтағы рейтингте жетінші орында тұрған Джефф Нил болмақ.
Рахмонов UFC-дегі төрт жекпе-жегінде де жеңіске жетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!