Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) келер жылы UFC чемпиондық атағы үшін шайқасқа шыққысы келеді.
Мен келер жылы UFC чемпионы атағына таласқым келеді. Басты мақсатым – чемпиондық белбеуді иеленіп Қазақстанға қайту", - деді спортшы The MMA Hour-ға берген сұхбатында.
Шавкат келесі жекпе-жегін 17 желтоқсан күні таңда Лас-Вегастағы UFC 296 жарысында өткізеді. Отандасымыз америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) шайқасады.
Қазақстандық спортшы UFC-де алты жекпе-жек өткізіп үлгерді. Оның бесеуінде уақытынан бұрын жеңіске жетті. Қазіргі таңда жартылай орта салмақ рейтингінде 5-орында тұр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!