Шаңғышылар Қазақстан қоржынына Универсиаданың тоғызыншы алтын медалін салды

Шаңғышылар Қазақстан қоржынына Универсиаданың тоғызыншы алтын медалін салды. Құрамында Анна Шевченко мен Олжас Климин бар қазақстандық команда үздік шықты.

Қазақстандық команданың нәтижесі 18:23.48 минутқа тең болды. Екінші орында Франция командасы (18:28.67), ал үшінші орынды Ресей командасы (18:29.50) алды. Тағы бір қазақстандық жұп - Ольга Мандрик пен Сергей Малышев алтыншы болып келді. Олардың уақыт көрсеткіші 19:11.72 минутқа тең.

Айта кетейік, Анна Шевченко Универсиада ойындарында Қазақстанға бірінші болып медаль алып берген еді. Ол бес шақырым қашықтықта жарыста жеке бақ сынап, үшінші орын алған болатын.