Шахматтағы сенсация! 17 жастағы қазақстандық қытайдың төрт дүркін әлем чемпионын жеңді

17 жастағы қазақстандық шахматшы Меруерт Кәмелиденова Астанада төрт дүркін әлем чемпионы Хо Ифаньды жеңді. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Меруерт Кәмелиденова 17 жастағы қазақстандық шахматшы, әйелдер арасындағы халықаралық шебер. Жастар арасындағы шахматтан әлем чемпионатының жеңімпазы және классикалық шахматтан 2022 жылғы Қазақстан Республикасының чемпионы. Ол қытайлық Хо Ифаньды бірде-бір мүмкіндік бермей, сенімді жеңіске жетті", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ федерация қазақстандық шахматшы Алуа Нұрманованы да атап өтті, оның 11 жеңіс, 4 жеңіліс және бір ғана тең ойыны бар.

Бұған дейін Астанада әлем әйелдер құрамалары мен Қазақстан құрамасы арасындағы кездесу аяқталған болатын. Біздің спортшылар әлем құрамасынан 55:73 есебімен жеңіліп қалды.

Меруерт Кәмелиденова әртүрлі жас топтарындағы қыздар арасында шахматтан Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы.

2019 жылы Меруерт 14 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы шахматтан әлем чемпионатында жеңіске жетті.

ФИДЕ Камалиденоваға әйелдер арасындағы халықаралық шебер (WIM) атағын берді.