Серік Теміржанов әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында бақ сынап жатқан отандасымыз Серік Теміржанов жарысты сәтті бастады. Ол 57 килоға дейінгі салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде Мали елінен келген боксшыны жеңді. 

1/16 финалда Серікке Абдул-Кәрім Батили қарсылас болды. 2021 жылы әлем чемпионатында күміс алған, 2022 жылғы Азия чемпионы атағына ие отандасымыз қарсыласын ұпай айырмасымен айқын ұтып шықты. 

Айта кетейік, бүгін тағы екі боксшымыз шаршы алаңға шығады. Астана уақытымен 19.00-де басталатын кешкі сессияда Нұрбек Оралбай (80 кило) әзербайжандық Мұрад Аллахвердиевпен жұдырықтасады. Айбек Оралбай (92 кило) италиялық Азиз Аббес Мухийдинмен өзара мықтыны анықтайды. 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!