Серік Сәпиевтің орнына кім тағайындалғаны белгілі болды

Серік Сәпиевтің орнына кім тағайындалғаны белгілі болды
Фото: gov.kz

Туризм және спорт министрлігі Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығына үміткердің кандидатурасына келісім берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері Алматы облысының олимпиадалық резерв даярлау орталығының басшысы Нұркен Нұратовтың кандидатурасын мақұлдады.

"Үміткердің спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңір спортын дамытуға қатысты ұстанымы комиссия тарапынан жан-жақты зерделеніп, оң шешім қабылданды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, 23 қаңтарда БАҚ пен әлеуметтік желілерде "Серік Сәпиевті өз орынбасары соққыға жыққаны" туралы ақпарат тарады. Бұл жайт қоғамда қызу талқыланды. Кейін Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы болған Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен лауазымынан босатылды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget