Серхио Рамос ПСЖ ойыншысы атанды

"Реал Мадридтің" экс қорғаушысы Серхио Рамос Пари Сен-Жерменмен (ПСЖ) келісімшартқа отырды. Бұл туралы Париж клубының ресми сайты хабарлады.

"Париж Сен-Жермен Серхио Рамостың келгенін қуана хабарлайды. Испанияның орталық қорғаушысы клубпен 2023 жылдың 30 маусымына дейін екі жылдық келісімшартқа отырды", - делінген хабарламада.

"Мен Пари Сен-Жерменге келгеніме өте қуаныштымын. Өмірімдегі үлкен өзгеріс, жаңа сынақ және бұл күнді ешқашан ұмытпаймын. Мен осы өршіл жобаның қатысушысы болғаныма өте мақтанамын. "Пари Сен-Жермен" –  өзін-өзі жоғары деңгейде танытып үлгерген клуб. Мен командаға мүмкіндігінше көп трофей жеңіп алуға көмектескім келеді," - деді Серхио Рамос келісімшартқа отырғаннан кейін.

фото "ПСЖ" ресми сайтынан алынды

35 жастағы Серхио Рамос – Еуропаның екі дүркін чемпионы және әлем чемпионы. Испания құрамасының өткен матчтар мен жеңістер саны бойынша рекордшы. Ол 2005 жылдан 2021 жылға дейін "Реал" сапында ойнады. Осы клубпен 4 рет Чемпиондар Лигасының, 5 рет Ла-лиганың жеңімпазы атанған.