Сенсация: US Open турнирінде Рыбакинаның матч нәтижесі қандай?

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан "Үлкен дулыға" турнирінің төртінші айналымында чехиялық Маркета Вондроушовадан ұтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Матч үш сеттен тұрды, есеп – 4:6, 7:5, 2:6, қазақстандық спортшының пайдасына шешілмеді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина – Қазақстан атынан өнер көрсетіп, әйелдер арасындағы жекелей сында "Үлкен дулығаның" төрт турнирінің де төртінші айналымына шыққан алғашқы теннисші.

АҚШ ашық чемпионаты (US Open) – маусымдағы "Үлкен дулығаның" соңғы турнирі. Жекелей сында жеңіске жеткен спортшылар салық салынғанға дейін 5 миллион доллар ала алады.

Биыл US Open негізгі кезеңінде Қазақстаннан төрт спортшы өнер көрсетті: Александр Бублик, Александр Шевченко, Елена Рыбакина және Юлия Путинцева. Шевченко, Путинцева және Рыбакина турнирден шығып қалды, ал Бублик жарысты жалғастырып келеді. 

Александр Бублик америкалық Томми Полды үшінші айналымда жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Юлия Путинцева турнирдің екінші айналымында Анна Калинскаядан ұтылып қалды.

Сонымен қатар, қазақстандық Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, америкалық турнирдің екінші айналымында қарсыластарынан басым түсті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!