Қазақстан құрамасы семсерлесуден Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отандастарымыз семсерлесуден командалық сайыста жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Аталған сында Қазақстан намысын Кирилл Проходов, Нұржан Әбжанов, Яков Федотов, Нариман Уәлихан қорғады.
Турнир барысында қазақстандық семсерлесушілер Жаңа Зеландияны (45:31) және Өзбекстанды (44:33) жеңді.
Жартылай финалда ұлттық құрама Гонконгқа (37:45) жол беріп, нәтижесінде жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз